491
Ақ үй басшысы Дональд Трамп, Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғысты талқылады. Ол, әңгімелесу аясында соғысты өршітпеуге, яғни шиеленістен аулақ болуға шақырды деп хабарлады Washington Post басылымы.
Сондай-ақ, 6 қарашада Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен де, сөйлескен. Әлемдік БАҚ мәліметіне сүйенсек, Трамп Киевке қолдау көрсететінін айтқан. Трамптың Зеленскиймен әңгімесіне Илон Маск та қосылған. Ол да Starlink спутниктерінің көмегімен Украинаны қолдайтынын айтқан.
Естеріңізде болса, “Валдай” форумында Путин, Дональд Трампты АҚШ президенті болып сайлануымен құттықтаған болатын. Сондай-ақ, телефон арқылы байланысуға қарсы емес екенін жеткізген еді.