Түркияның батысында ірі орман өрті өршіп тұр. Алапат өрт, Измир қаласының бір бөлігін қамтып, билік 450-ден астам отбасын эвакуациялауға мәжбүр болды.
Табиғи апат салдарынан, кем дегенде екі адам қаза тапты. Үш ауыл толықтай жойылып кетті. Қазіргі уақытта төтеншелік қызметтер аймақтағы орман өртімен күресуді жалғастыруда.
«Жағдай өте ауыр», – деді Измир қаласының мэрі Джемиль Тугай.
Айта кету керек, демалушылар жиі баратын Чешме ауданында үміт бар. Түркияның орман шаруашылығы министрі Исмаил Юмаклы бұл аймақтағы өрт бақылауға алынғанын хабарлады.
Чешмедегі өрт, болжам бойынша, 2 шілде, сәрсенбі күні ақаулы электр желісінен басталып, тез арада үлкен өртке ұласып, айналадағы ормандарға жайылған.
Айта кетейік, Измир полициясы кемінде 17 адамды қасақана өрт қою күдігімен ұстады. Олардың кім екені әзірге жарияланған жоқ.