Израиль әлем бойынша барлық елшіліктерінің жұмысын уақытша тоқтатты

31

Иранға қарсы әскери операциядан кейін Израиль жаһандық қауіпсіздік шараларын күшейтуде.

Израиль Сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздердің хабарлауынша, бұл шешім Иранға қарсы жүргізілген әскери операцияға байланысты қабылданған. Осыған орай, Израильдің бүкіл әлемдегі елшіліктері консулдық қызмет көрсетуді уақытша тоқтатып отыр.

-Азаматтарға сақ болуға кеңес берілді

Бірқатар елшіліктердің ресми сайттарында жарияланған мәлімдемелерге сәйкес, Израиль билігі шетелдегі азаматтарына сақтық шараларын күшейтуді ұсынуда. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда еврей немесе израильдік рәміздерді көрсетпеуге кеңес беріліп отыр.

-Әскери операция туралы

13 маусымға қараған түні Израиль Иран аумағындағы бірқатар нысандарға әуе соққысын жасады. Әскери операцияның басты мақсаты – Иранның ядролық объектілерін нысанаға алу болған.

Алдыңғы пост
Шымкенттегі мектепте қайғылы жағдай: 17 жастағы мектеп түлегі көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu