101
Израиль Ливанға қарсы шабуыл жасап, әп-сәтте астаң-кестеңін шығарды. Салдарынан 496 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 1645 адам жарақат алды. Ажал құшқандардың арасында күнәсіз 35 бала, 58 әйел және 2 медицина қызметкері бар.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ливан тұрғындарын шабуыл жасалған жерлерді тастап кетуге шақырды. Оның айтуынша, Израиль ливандықтарға емес, топқа қарсы соғыс жүргізіп жатыр. Яғни, Ливандағы Хезболла нысандарына жаппай соққы беруде.
Айта кетсек, өткен аптада Ливанда пейджерлер мен рациялар жарылып, 37 адам мерт болып, 3 мыңдайы жараланған болатын. Сол қастандықтардан кейін Израиль мен «Хезболла» арасындағы тайталас шиеленісіп тұр.