Қарағанды облысында ірі компанияға 313,9 миллион теңге айыппұл салынды деп я ҚР Бас прокуратурасы.
Қарқаралы ауданының прокуратурасы, халық шағымына құлақ асып, экологиялық заңнаманың сақталуы бойынша тексеру жүргізді. Нәтижесінде, «Алтай Полиметаллы» ЖШС сарқынды суларды ашық жерге ағызатыны белгілі болды.
Тез арада экология департаментіне талап қойылып, сарқынды суға талдама жүргізілді. Нәтижесінде, кәсіпорынның Экологиялық кодекс нормаларын бұза отырып, мемлекеттік экологиялық сараптамасыз және қалдықтарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсатсыз жұмыс істегенін көрсетті.
Қарқаралы аудандық соты компанияны кінәлі дептанып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 332-бабының 1-бөлігі және 328-бабының 1-бөлігі бойынша 313,9 млн теңге айыппұл салды.
Сонымен қатар, сот орындаушысы Серіктестіктің ағынды суларды биологиялық тазарту кешенінің жұмысын бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатты.