Күйеуінің интимдік суретін «WhatsApp» арқылы таратқан әйел сотталды

114

«Н» азаматшасы қызғаныштан күйеуінің интимдік суретін «WhatsApp» мобильді мессенджері арқылы таратқан деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

«Орал прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысының табанды ұстанымын ескере отырып, сотталушының кінәсі толық дәлелденді, Орал қалалық сотының үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабы (Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу)

Сол сияқты, «И» азаматы әйелінің жеке суретін таратқаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды»,-деп жазылған мәлімдемеде.

«Секстинг» (жыныстық сипатта хат алмасу) – қазіргі әлемде өте кең таралған құбылыс. Сондықтан, біреудің өміріне қол сұғу, фотосуреттерді рұқсатсыз тарату жауапкершілікті талап етеді.

Бірақ зиянсыз жеке хат алмасу арқылы да қылмыстық іс бойынша айыпталушы болып қалу қауіпі бар.

Алдыңғы пост
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат бас бостандығынан айырылады ма? 
Келесі пост
Түркияда жер сілкінісі орын алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu