Жағаұстатарлық жағдай, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданында орын алған. Азаматша, гаражда бала босанып, сәбиін қорапқа салып, сол жерге тастап кеткен.
Дәрігерлерге, 25 жастағы әйел қан кетуіне байланысты шағыммен жүгінген. Дәрігерлер тексеру барысында науқастың бала босанғанын анықтаған. Дереу, полицияға хабарлап, оқиғаның егжей-тегжейін жеткізген. Тез арада жұмыс жасаған полицейлер, сәбиді анықтап, ауруханаға жеткізді.
“Бала перинаталдық орталықта жатыр, қазір жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында. Әйел аудандық ауруханада жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық”, – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Ал, аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни, баланы “қауiптi жағдайда қалдыру” бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.