426
ІІМ көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға қатысты мәселені қарастырып жатыр. Осыған орай, Марат Қожаев, тарихына үңіліп, зерделеп жатқанын жеткізді.
“Қазір Ішкі істер министрлігі алдыңғы терезені қараңғылауға тыйым салу тарихын зерделеп жатыр. Мәселені Мәжіліс депутаттары да көтеріп жүр. Кедендік одақ регламенті бар. Онда алдыңғы терезе қаншалықты қараңғылауға тиіс екені жазылған. Бұл жол қозғалысы және Жол жүрісі ережесінің бұзылуы кезінде жүргізуші мен жолаушыны сәйкестендіруде қиындықтың болуына байланысты”, – деді ол.