422
Атырауда Жеңіс саябағында 7 жастағы жасөспірімнің үстіне ескерткіш құлап, аураханаға жеткізілген болатын. Алайда, алған жарақаттарына байланысты ол ауруханада көз жұмды. Бұл туралы artpress хабарлады.
Жағымсыз жағдай,қатты жел тұрып, нөсер жауын жауғанда орын алған. Ұлы отан соғысы ардагерлеріне орнатылған ескерткіштердің бірі желдің екпініне төтеп бере алмай, саябақта серуендеп жүрген қыздың үстіне құлаған.
Айта кетейік, кісі өліміне қатысты құзырлы орган іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда, полиция бұл факті бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды.