2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Күміс жас» жобасы бойынша 12,4 мың адам жұмысқа орналастырылды. 2025 жылы осы бағыт бойынша барлығы 23,8 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
Қатысушылардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласында – 36%, қызмет көрсетуде – 23%, қоғамдық тамақтандыруда – 21% жұмыспен қамтылған.
Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.
«Күміс жас» жобасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің жоба аясында жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асырады. Субсидиялар мөлшері: жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.