Мүгедектігі бар адамды жұмысқа алмаған жұмыскер баж салығын төлейді

65

Елімізде, ерекше жандарды жұмысқа алу бойынша проблема бар. Яғни, кейбір кәсіпкерлер, мүгедектігі бар адамдарды міндетті түрде қабылдауға міндеттейтін квоталарды сақтамайды.

Осыған байланысты, Еңбек министрлігі жұмыс берушілерге қатысты жаңа тетік енгізбек. Яғни, жұмыс беруші, мүгедектігі бар адамды жұмысқа алғысы келмесе, ол бюджетке тиісті баж салығын төлеуі керек. Бұл туралы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Алайда, бұл әзірге жоспар ғана.

«Басқа елдерде мынадай тәжірибе бар: егер жұмыс берушінің мүгедектігі бар адамды жұмысқа алғысы келмесе, ол бюджетке тиісті баж салығын төлеуі керек. Біз бұл тәсілді сарапшылармен, «Атамекен» ҰКП-мен талқылаймыз, егер ол қолдау тапса, осындай төлемдерді енгізуді жоспарлап отырмыз», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Айта кетейік, статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанда 723 мың мүгедектігі бар адам бар. Оның ішінде, 400 мыңға жуығы еңбекке жарамды.

Алдыңғы пост
Ұлытау облысында 10 үй суға кетті: Кінәлі тұлға анықталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu