«Каспий» су тұщыту зауыты қуатын арттырады  

256

Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытында жаңғырту аяқталып қалды. Жұмыс 95%-ға орындалды. Жоспарланған көлемге шығу нәтижесінде кәсіпорын халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету қуатын екі есеге арттырады.

«Мемлекет басшысы Жолдауында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Қабылданған бағдарлама шеңберінде біздің зауыт өндірісті тәулігіне 20 мың м3-тен 40 мың м3-ке дейін ұлғайта отырып, жаңғыртудан өтуде. Қазіргі сәтте жұмыс 95%-ға орындалды. Келесі жылдың қараша айында тәулігіне 40 мың м3 су беру көрсеткішіне жетуді жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде зауыт Ақтау қаласы, Қарақия және Мұнайлы аудандарының тұрғындарын сапалы ауызсумен толық қамтамасыз ететін болады», — деді «Каспий» су тұщыту зауыты» ЖШС директоры Серік Ғұсман.

Алдыңғы пост
Қазақстанда тыңайтқыштар өндіретін жаңа зауыт салынады 
Келесі пост
Израиль мен Ливан арасындағы соғыс аяқталады ма? 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu