16 жастағы марқұм Шерзаттың әпкесі, Бақыт Реймова, Президентке, Бас проупорға, Ішкі істер министрлігіне үндеу жасады. Ол, бауырының өліміне кінәлі тұлғалардың түгел сотталуын қалайды. Дәл қазіргі таңда, бостандықта жүрген екі қызды да қамалуын талап етуде. Өйткені, олар куәгер емес, күдіктілер деп отыр.
“Іске қатысты тағы екі қыз бар, олар бостандықта жүр. Талғарда қаралған іс Қонаевқа ауысты. Ол қыздарды көрдік, екеуі көлікке мініп кетіп қалды. Бостандықта тайраңдап жүргенін қаламаймыз”, – дейді Бақыт Реймова.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қазан күні, Шерзат есімді жасөспірім бір топ азаматтардың қолынан қаза тапқан болатын.
Айта кетейік, бұған дейін «Хуторский» атымен танымал Т.Рысқұлов ауылы туралы жазған болатынбыз. Күдіктілердің көпшілігі осы ауылдан дейді білетіндер. Сондай-ақ, бірнеше азамат бұрын соңды сотталған болып шықты.