Жазасын өтеп шыққан педофил әкімшілік бақылаусыз қалған

95

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы прокуратурасы жазасын өтеген адамдарға әкімшілік қадағалау орнату бойынша қабылданған шаралардың уақытылығына талдау жүргізді.

Нәтижесінде, кәмелетке толмаған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеген адамға 7 жылдан астам әкімшілік қадағалауды орнатпаудың фактісі анықталды деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

«Аталған тұлға аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандықтан, оның соттылығы жазасын өтегеннен кейін сегіз жылдан кейін ғана жойылады, яғни 2025 жылдың тамызынан бұрын емес.

Қаратөбе ауданы прокуратурасының ұсынуы бойынша сотқа өтінішхат жолданып, 10.02.2025ж. жоғарыда аталған азаматқа әкімшілік қадағалау белгіленіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оған заңмен белгіленген шектеулер қойылды»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Айта кетейік, 2009 жылдың қарашасында Қаратөбе аудандық сотының үкімімен жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2017 жылдың тамыз айында бас бостандығынан айыру орындарынан босап, бірақ оған әкімшілік бақылау орнатылмаған.

Алдыңғы пост
Шымкент – Сеул жаңа әуе бағыты ашылады 
Келесі пост
Мемлекет басшысы Амал күнімен құттықтады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu