1 қыркүйектен бастап барлық бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады

Теги: , , ,
353

Қыркүйектің 1-інен бастап еліміздегі 1-4 сынып оқушылары мектепте тегін тамақпен қамтылатын болады. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қыркүйектің 1-нен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті  хабарлады.

Республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңгені құрайды, ең жоғары баға Алматы қаласында – 800 теңге.

«Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6% құрады. Бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. Осылайша жаңа оқу жылынан бастап 100% көрсеткішке қол жеткізілетін болады», – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева.

Айта кетейік, бүгінде министрлік мектептегі тамақтану сапасын арттыру мәселесін пысықтап жатыр.

Алдыңғы пост
Ақмолада бүтін бір отбасы мүшелері жол апатынан мерт болды
Келесі пост
Автобус пен жүк көліктеріне арналған заманауи автодром құрылысы қолға алынады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu