12 шілдеде Шымкентте аптап ыстық күтіледі

Теги: , ,
257

Синоптиктердің болжамынша, 12 шілдеде Шымкентте күндіз ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық күтіледі.  

Осыған байланысты қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ыстық ауа райында көшеде ұзақ уақыт болу күн мен жылу соққысына әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Айта кетейік, жылу соққысы жоғары температура мен ылғалдылықтағы бөлмеде, ауасы тар, нашар желдетілетін бөлмелерде қарқынды физикалық жұмыс салдарынан пайда болуы мүмкін.

Ал күн соққысы ашық күнде физикалық жұмыс кезінде, демалу кезінде күн ванналарын артық қабылдаған кезде пайда болады. Соққы қарқынды күн сәулесінің қорғалмаған басына тікелей әсер етуінің салдары болып табылады. Ол тікелей сол орнында болуы мүмкін немесе 6-8 сағаттан кейін кешіктірілуі мүмкін.

Күн мен жылу соққысының жиі кездесетін белгілері:

– бастың айналуы;

– қатты бас ауруы;

– кейде жүрек айнуы және құсу;

– көздің қараңғылануы;

– кейбір жағдайларда мұрыннан қан кету;

– жылдам импульс;

– ентігу.

Жылу немесе күн соққысының алдын алу шаралары:

– Көшеде болуды шектеу, физикалық белсенділікті азайту қажет.

– Үй-жайларда болған кездебөлмелерді желдетуді қамтамасыз ету керек — желкөздерді, терезелерді ашу, желдеткіштерді немесе кондиционерлерді пайдалану.

Көшеге шыққан кезде табиғи маталардан (мақта, зығыр) ашық түсті жеңіл киім кию ұсынылады. Киім қақпасының тығыз болмағаны жөн. Күйіп қалмас үшін денені 15-30 минуттан артық ашуға болмайды.

– Көшеде міндетті түрде бас киімді (жазғы қалпақ, панама, орамал және т.б.), күннен қорғайтын көзілдіріктерді, қолшатырларды пайдалану қажет.

– Сусызданудың алдын алу үшін көп мөлшерде сұйықтық ішу ұсынылады. Алкогольді ішуге қатаң тыйым салынады.

– Ас қорыту жүйесін шамадан тыс жүктемеу керек. Сондықтан ыстық ауа райында жеңіл тамақты кішкене порциялармен және бөлшектеп ішкен абзал.

– Күні бойы мүмкіндігінше душ қабылдау немесе дененің бөліктерін салқын дымқыл майлықтармен, дымқыл сүлгімен сүрту ұсынылады.

– Жеке және қоғамдық көліктерде сапарларды шектеу керек немесе оларды таңертең немесе кешке, жылу азайған кезде жоспарлау керек.

– Егер сіз автокөлікпен сапар шегуіңіз керек болса, онда автомобильдің ішкі салоны өте ыстық екенін ескеріңіз, сондықтан шуақты күнде ашық тұрған көлікке отырмас бұрын алдымен барлық есіктерді ашыңыз немесе желдету үшін әйнектерді түсіріңіз. Ол үшін шамамен 3-4 минут жеткілікті.

Есіңізде болсын, күн немесе жылу соққысын алу қаупі әсіресе қарттар мен балаларда жиі кездеседі. Өйткені олардың терморегуляция жүйесі жетілмеген. Жүрек-қан тамырлары аурулары, метаболикалық бұзылулар, эндокриндік аурулары бар адамдар да қауіпті.

Қалалық ТЖД мамандары күн немесе жылу соққысының алғашқы белгілері пайда болғанда шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында тау шыңынан құлап кеткен туристің мәйіті табылды
Келесі пост
Шымкентте көкөніс базарының сатушысы таныстарын сазға отырғызып кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu