498
Оңтүстік Кореяда құрылыста жұмыс істеп жүрген қазақстандық қайтыс болды. Ол 18-қабаттан құлап кеткен.
Оқиға бүгін, 21 қыркүйекте таңғы сағат 8:25 шамасында Кимхэ қаласындағы жеке тұрғын үй кешенінде болған.
Жергілікті БАҚ idomin.com-ның жазуынша, 47 жастағы ер адам пәтердің төбесін бояу үшін қорғаныс торларын орнатып жатқан. Жазатайым оқиғадан кейін отандасымыз дереу ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Кореялық полиция хабарлауынша, Қазақстан азаматы бұл елге турист ретінде келіп, сонда қалып қойған. Яғни, заңсыз жүрген.
Жазатайым оқиғаға қатысты зерттеп-зерделеу жұмыстары басталды.