Қазақстанда мұғалімдерді 25 жылдық қажырлы еңбегі және педагогикалық қызметтің дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін құрмет белгісімен марапаттау жоспарлануда.
Толықтырулар енгізу туралы тиісті құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды.
“Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін” құрмет белгісі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, педагогикалық білімі бар қосымша білім беру ұйымдарының 25 жыл еңбек өтілі бар ұстаздарына беріледі “, – делінген бұйрық жобасында.
Ашық талқылау ағымдағы жылдың 5 қыркүйегіне дейін жалғасады.