367
Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны бейнебақылау камераларын үптеп кетіп жүрген. Оның кезекті бір қылмысы Южный көшесіндегі құрылыс материалдары базасы аумағындағы бақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбадан жас жігіттің құрылғыны шешіп алып жатқанын көруге болады. Көп ұзамай 1992 жылы дүниеге келген ер адам ұсталды.
«Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тексеру аясында тағы алты жәбірленуші анықталды. Ұсталған адам кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер алынды. Процессуалдық мәжбүрлеу шарасы-келу туралы міндеттеме берілді», – деді Екібастұз қалалық полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.