Құрсай елді мекенінде жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Теги:
298

Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мегаполисте 2025 жыл соңына дейін 28 мың орындық 18 мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2 Оқушылар сарайының құрылысы басталып, оның 1-уі жуырда пайдалануға беріледі. Одан бөлек, 2029 жылға дейін сыйымдылығы 750 орындық 5 өнер мектебінің құрылысы жоспарлануда.
Мәселен, Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Құрсай елді мекені Шаштөбе көшесінде жаңа мектеп құрылысы 2022 жылы басталған. Әл-Фараби атындағы білім ордасы 900 балаға арналған. Бүгінде құрылысы қарқынды жүруде. Жеке инвестордың есебінен салынып жатқан мектеп құрылысы 2023 жылы жаңа оқу жылында пайдалануға беру жоспарлануда.

Айта кету керек, Шымкентте «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 18 мектеп пайдалануға беріледі. Қалада өткен жылы 24 800 орындық 43 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 9-дан 4-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 4-тен 3-ке азайған. Биыл 18 мектепті пайдалануға беріп, үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешу көзделуде. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.

Сонымен қатар, №65 мектеп-гимназиясы жаңа ғимаратпен қамтылады. Жаңа оқу жылында мектеп ұжымы мен оқушыларды жаңа оқу ғимаратымен қуанту мақсатында қаладағы №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясына қосымша жапсаржай салынуда. Қазіргі уақытта 1251 орынға арналған №65 мектепте 3567 оқушы білім алуда. 600 орынға арналған қосымша оқу корпусын салудағы негізгі міндет – оқудың 1-сатысындағы оқушылар үшін оқу орындарының санын көбейту.

Сайрам шағын ауданында орналасқан жаңа оқу ғимаратының құрылысы қалай жүріп жатыр? Осы сұрақты алға тартқан қала әкім Мұрат Әйтенов нысан басында болып, құрылыстың жай-күйімен танысты. Жалпы алаңы 5 мың шаршы метрді құрайтын құрылыс жұмысы кестеге сай жүргізіліп жатыр. Ғимарат үш қабатты, 2 блоктан тұрады, мұнда 0-4 сынып оқушылары оқытылады деп күтілуде. Жалпы оқу ғимаратында 25 оқу сыныбы бар, сыныптар 24 оқушыға шақталған. Мектептің бастауыш сынып бөлігінде 50 педагог сабақ беретін болады. Оқушыларға 220 орындық асхана және спортзал қамтылған. Сонымен бірге нысанның үшінші қабатында 16 оқу орны, 3 компьютер орны бар 10 мың кітап қорына арналған кітапхана, шахмат клубы қарастырылған.

Алдыңғы пост
Тұран шағынауданында 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды
Келесі пост
Шымкент қаласында 150-ден аса отбасы қоныс тойын тойлады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu