598
Астанада 1989 жылы дүниеге келген ер кісі 42 жастағы әйелге қарақшылық шабуыл жасады. Оқиға кешкі уақытта Абылай хан даңғылының бойында болған. Қаскүнем оның артынан байқатпай келіп, мойнындағы алтын алқасын жұлып алып, қашып кеткен.
Күдіктінің қашып бара жатқан сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
«Полицейлер 33 жастағы ер адамды ұстады. Құны 400 мың теңге тұратын алтын алқа ломбардтан тәркіленіп, иесіне қайтарылды. “Тонау” бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындады» делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.