​6506 әскери бөлім жауынгерлері сыннан сүрінбей өтті

Теги:
622

Ағымдағы жылдың17 қазанынан бастапҰлттық ұланның Шымкент қаласында орналасқан 6506 әскери бөлімінің жеке құрамы өздерінің жауынгерлік дайындықтары бойынша жан-жақты инспекторлік тексерістен өтті, деп мәлімдеді 6506 әскери бөлімінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, мұндай инспектерлік тексеріс әскери бөлімдерде төрт жылда бір рет өткізіліп тұрады. Яғни аталған сынақта әскери қызметшілер өздерінің кәсіби біліктігі мен қызметтік жауынгерлік іс-әрекеті бойынша өз дайындықтарын көрсететін болады.

6506 әскери бөлімі бұл сынаққа жыл басынан тыңғылықты дайындалды. Күнделікті Шымкент қаласының қоғамдық тәртібі мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жауынгерлік қызмет атқарып жүрген бөлім жеке құрамы кез-келген уақытта жауынгерлік іс-әрекетке дайын болуы сөзсіз. Себебі кешегі «Қаңтар оқиғасы» бұған айқын дәлел.

Ұлттық ұлан Қазақстан Республикасы ІІМ орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майорАбжанов Бауыржан Садыкович бастаған офицерлер құрамы 17 қазан күні бөлім жеке құрамын инспекторлық тексерістен өткізуді бастады. Алғашқы күні бөлім командирі полковник Бауыржан Қабылбеков комиссия құрамына ағымдағы жылда әскери бөлім жеке құрамының жауынгерлік қызмет бойынша көрсеткіштері, кадр мәселесі, әскери техника, тәрбие жұмыстары сонымен қатар тылдық қамтамасыз етілуі бойынша егжей-тегжейлі баяндама жасады. Алдын ала бекітілген комиссия құрамының жұмыс алгоритміне сәйкес бөлім басшылығы мен басқарма офицерлері және автомобильдегі жедел мақсаттағы батальоны жеке құрамы алғашқы күні ату жаттығуларын орындау және мемлекеттік-құқықтық дайындық, қызметтік-жауынгерлік қолданыс тактикасы, жалпы әскери жарғылар бойынша сынақтар тапсырды. Басқарма офицерлері подполковник Г. Бектұрғанов, подполковник А. Аскарбеков, подполковник А. Аубакиров, майор Г.Кадыкенов, подполковник Н.Карабалин, подполковник Р. Бейсенов аталған пәндерден жоғары деңгей көрсетіп үздіктер қатарына ілінсе бөлімшелер офицерлері мен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілері «жақсы» деген бағаны иеленіп үлгерді.

Тексерістің екінші күні БТР-дағы жедел мақсаттағы батальоны жеке құрамы «Ақтас» оқу-жаттығу орталығында ату жаттығуларын орындау деңгейін көрсетсе, бөлім жеке құрамы әртүрлі сигналдар бойынша жауынгерлік – қызметтік іс-әрекет дайындықтарын пысықтады. Онда офицерлер құрамы мен сержанттар және сарбаздар әртүрлі жағдайларға байланысты шұғыл жауынгерлік қызметке шығу барысындағы өздерінің іс-әрекеттерін сапалы көрсете білді.

Үшіншікүннің алғашқы жартысында комиссия құрамы бөлім басшылығ мен басқарма офицерлерлерінің құжаттамаларын қадағалауға алып, кейін тексерістің нәтижелерін қорытындылады. Комиссия құрамын бастап келген генерал-майор Бауыржан Абжанов инспекторлық тексеріс барысында әскери бөлім жеке құрамының жауынгерлік қызмет деңгейін офицерлердің кәсіби біліктілігін жақсы бағалап, бірнеше ескертулерін де айтып өтті. Қорыта келгенде 6506 әскери бөлімі жеке құрамы сынна сүрінбей өтіп, кәсіби біліктіліктері мен қызметтік-жауынгерлік іс-әрекет ету деңгейін «жақсы» деген бағамен көрсетті.

Алдыңғы пост
“Бірге жақсылық жасайық” челленджде 6505 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты
Келесі пост
ҚР ИИДМ басшысы Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриялық аймағындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысымен танысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu