Ақмола облысы Сандықтау ауданында тұратын зейнеткер алаяқтың құрбаны болды.
73 жастағы тұрғынның айтуынша, телефонына белгісіз біреу хабарласып, өзін жетекші банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырған. Зейнеткер заманауи гаджеттердің жұмысын жақсы білмейтінін алға тартса да қоңырау шалған адам депозитті қауіпсіздендіру үшін мобильді банкингте қандай әрекеттер жасау керектігін түсіндіріп отырған. Нәтижесінде алаяқ қарияның депозитіндегі 2 млн теңгені есеп айырысу шотына аударып, содан кейін оларды шығарып алған.
Қарияның арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі “Алаяқтық” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.
БҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, күдіктінің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде.