90 жастағы бауырлардың кездесуі көпті елжіретті

Теги: , , ,
143

Әлеуметтік желіде 90 жастағы ағалы-қарындас қарттардың бір-бірімен кездескен сәтінің видеосы пайда болды. Автордың мәліметінше, қария қарындасын іздеп келген.

Бейнежазбада қарт тұрғын қарындасының үйіне келіп, алғашында кейуананы байқамай үй ішіне кіріп кетеді. Кейін балалары «Қарындасын көрсетіп қой» деп айтып, қария кері бұрылып, әжеймен сәлемдеседі. Қарындасының қолын жылы ықыласпен сүйген ақсақал: «Қал-денсаулығың қалай? Амансың ба?… Екі «қақпас» бірін-бірі танымайды дегендей» деп бауырымен қалжыңдасады.

Видеоны көрген желі қолданушылары қос қарттың бауырмалдылығына ерекше риза болып, амандығын тіледі.

«Осы кісілердің жолын берсін», «Аға» деп қояды. Қатты ұқсайды екен», «Қандай керемет! 100 жасасын», «Алла ұзақ ғұмыр берсін», «Бауырларыммен осындай күйге жетуді Алла нәсіп етсін», «Жүрегім елжіреп кетті ғой», «Жылы жүзді жақсы жандар. Ата-апаларымыз аман болсын», «Атамыз оқтаудай түзу жүреді екен» деп жазды желі қолданушылары.

Видеоны желіге жүктеген автордың жазуынша, қария 5 уақыт намазын жібермейді екен.

Алдыңғы пост
Сырдарияда суға батып кеткен тағы бір адамның денесі табылды
Келесі пост
Ақтөбеде жеңіл көлік жүк көлігімен соғысып, екі адам мерт болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu