Ақмолада екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

355

Ақмола облысы Астрахан ауданында жүк көлігі мен «Газель» соқтығысты. Оқиға бүгін, 29 қарашада Жалтыр ауылының маңында болған. Жол апаты туралы куәгерлер полицияға хабарлаған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, “Екатеринбург-Алматы” автожолының 1105 шақырымында “Газель” маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Қостанай облысының 29 жастағы тұрғыны 52 жастағы ер кісінің басқаруындағы “Маз” маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан “Газель” кюветке құлап кетіп, жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. “Маз” маркалы автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы Астрахан аудандық ауруханасына жеткізілді.

Полиция департаментінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Алдыңғы пост
Дүкеннен қымбат киім ұрлаған жігіт күзетшілерге оңбай ұсталып қалды
Келесі пост
Шымкент қаласының Қаратау ауданында қоқыс контейнерлерін жаңарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu