Ақмолада жантүршігерлік оқиға орын алды. Polisia.kz жазуынша, қайғылы оқиға Есіл ауданының ауылдарының бірінде болған. 60 жастағы ауыл тұрғыны өз басына оқ атып, суицид жасаған. Жедел-тергеу тобының анықтауынша, марқұм болған ер кісі жұбайын ұрып-соққан. Оны тоқтатпақ болған 20 жастағы ұлына да қол көтерген. Кейін суицид жасаған. Бұл туралы полицияға көршісі хабарлаған. Ол куәгер болған екен.
Қазіргі таңда полицейлер Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 1-бөлігі бойынша (Қылмысқа оқталу және адам өлтіру) және 105-бабы 1-бөлігі бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Полицейлер ер адамды мұндай қадамға итермелеген себептерді анықтап жатыр.
Ер кісі оқ атқан аңшылық мылтық ішкі істер органдарында тіркелген.