Отбасылық жанжал кезінде полиция шақырған тұрғынның үйінен есірткі табылды

20

Түркістан облысы Кентау қаласында отбасылық жанжалға байланысты шақыртуға келген полицейлер тұрғынның үйінен есірткіге ұқсас өсімдікті  байқайды. Тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақырған. Тексеру кезінде жедел уәкілдер ас бөлмесінен есірткі заты бар 8 түп өсімдікті тапты. Полицейлер заттай дәлелдемелерді сараптамаға жолдады. Бұдан әрі қарай оқиғаға байланысты толыққанды тексеру жүргізу үшін күдікті полиция бөліміне жеткізілді.

«Іс Қылмыстық кодекстің 296-бабы “Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу” бойынша тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Алматыда ер кісі ТікТок арқылы халықты сан соқтырып кеткен
Келесі пост
Ақмолада әйелі мен баласын ұрып-соққан ер кісі өзіне қол жұмсады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu