33 жастағы әйел сөреден ішіп-жемін тегін алғысы келіп, ақысын төлемей кеткен. Оқиға Шымкент қаласындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде күндізгі уақытта орын алған. Жәбірлеушінің айтуынша, өзіне тиесілі дүкеннен бейтаныс азаматша нан, сүт, шұжық өнімдерін алып, телефон қосымшасындағы жалған түбіртекті көрсеткен. Кейін дүкеннен шығып кеткен. Жалпы келтірілген шығын – 24 810 теңгені құрапты.
Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, көп ұзамай күдікті азаматша ұсталды. Ол Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Жасы – 33-те, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.
«Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Мұндай заңсыз әрекетке қаржыдан қысылғандықтан барғанын жеткізді. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» деп атап өтті полициядағылар.