400
Шымкент әкімдігі Абай облысындағы ірі орман өртіне байланысты биыл қала күнін жылдағы дәстүр бойынша маусым айында тойламайтын болды. Бұл туралы әкімдіктің Instagram-дағы ресмии парақшасында жарияланды.
«Жыл сайын 19 маусымда Шымкентте дәстүрлі түрде қала күні аталып өтеді. Биыл Абай облысында орын алған орман өртіне байланысты қала күніне жоспарланған мерекелік іс-шараларды Республика күні қарсаңында өткізу жоспарлануда» делінген хабарландыруда.