333
Абай облысында Бородулиха – Жезкент тас жолының 28/21 шақырымында Toyota Corolla көлігінің жүргізушісі қарсы беттегі Toyota Mark 2 көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан Toyota Corolla жолаушысы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Алайда ол медицина мекемесінде қайтыс болды.
Кісі өлімімен аяқталған көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соқтыруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ІІМ дерегінше, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.