409
Синоптиктер Қазақстан бойынша 1-3 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, жаз Қазақстанның барлық өңірлеріне күнтізбе бойынша келеді. Антициклонның жотасы Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райын айқындайтын болады. Тек батыс аймақтарда және еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.
«Ауа температурасы күндізгі уақытта еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде +36 және +41°С дейін, шығыста +28 – +33°С дейін, орталықта +30 – +39°С дейін ыстық болады деп болжанып отыр. Ал оңтүстікте +37 және + 43°С дейін, оңтүстік- шығыста +30 – + 37°С дейін біртіндеп жоғарылауы күтіледі» делінген мәліметте.