395
Алматыда бұған дейін сотты болған ер кісі зейнеткерді үйінің кіре-берісінде тонап кетті. Полицейлер күдіктіні жедел-іздестіру шаралары барысында ұстап, қамауға алған. Ол кінәсін мойындаған. Белгілі болғандай, қаскөй қарт тұрғынды үйінің кіре-берісінде аңдып тұрған. Пәтерге кіре бергенде оған тап беріп, ұрып-соғамын деп қорқытқан көрінеді. Ұялы телефоны мен жинақ ақшасын, алтын бұйымдарын алып кеткен.
Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталған ер азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтап жатыр.