Шымкентте есірткі сатуды кәсіп еткен үш тұрғыннан 7 келі марихуана табылды

Теги:
229

Шымкентте есірткі бизнесін кәсіп еткен тұрғындар ұсталды. Оның екеуі «Достық» мөлтек ауданындағы жол бойынан құрықталған. Олардан полиэтиленді 2 пакет ішіне салынған есірткі заттары тәркіленіп алынған.

Шымкент қалалық Полицияға департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыру барысында ұсталған екі азаматпен сыбайлас тағы бір тұрғын «Қайнар бұлақ» тұрғын үй алабындағы тұрғылықты жерінен ұсталыпты. Оның үйінен 1 қапқа салынған есірткі заты табылған.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар «кептірілген марихуана» екендігі анықталып, жалпы салмағы – 7 кг 188 гр құрады. Атап өту қажет, құрықталған қылмыстық топ мүшелерінің барлығы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотты болған. Бүгінде аталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды»,-деді Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Қызылордада заңсыз ойын бизнесін кәсіп еткендерге сот үкімі шықты
Келесі пост
Алматыда 75 жастағы әжейді үйінің алдында тонап кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu