Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды

180

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері мен полицейлер жүргізген арнайы операция кезінде қару-жарақ арсеналы табылды.

«1984 жылы дүниеге келген ер кісі ұсталды. Оның үйінен сегіз мылтықты карабин, бір мылтық, оптикалық көздеуіш және екі аңшылық пышағы табылып тәркіленді. Қару қоймасы қосалқы бөлмеде жасырылған. Жедел мәліметтерге сәйкес, бұл арсенал ағымдағы жылдың қаңтар айында шаһардағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен ұрланған. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 291-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – деді  Алматы қалалық Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Полицейлер аталған фактінің басқа да мән-жайларын анықтауда. Тәркіленген қарулар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Алдыңғы пост
Кәсіпкерлер денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға қалай көмектеседі?
Келесі пост
Шымкентте бизнесті қорғауға арналған экожүйе іске қосылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu