​Алматыда еркек пен әйел қарттарды тонаумен айналысқан

Теги: ,
351

Алматыда ер кісі мен оның сыбайласы – әйел азаматы қаладағы зейнеткерлерді тонаумен айналысып келген. Олар өздерін ПИК қызметкерлеріміз деп таныстырып, қарт тұрғындардың пәтерлеріне оп-оңай кіріп отырған.

Жедел уәкілдердің айтуынша, Алматының Әуезов ауданында бірнеше қылмыстық эпизодтар тіркелген. Солардың бірінде күдіктілер 87 жастағы әжені тонап кеткен.

«Қаскөйлер өздерін ПИК қызметкерлеріміз деп таныстырып, алаяқтық жолмен қарттардың пәтерлеріне кірген. Әйел қарттардың назарын аударып тұрған кезде, оның сыбайласы ұрлық жасаған. Күдіктілер зейнеткерлердің жинаған ақшасы мен әшекей бұйымдары ғана қызықтырған. Осыған ұқсас бірінші қылмыс тіркеле салысымен, арнайы тергеу-жедел тобын құрдық. Қаскөйлердің қылмыстық әрекетін зерттеп, ізіне түстік. Бейнебақылау камераларының деректері де жақсы көмек болды», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Олар 1988 жылы туған ер кісі мен 1991 жылы дүниеге келген әйел адамы. Екеуі де бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
​Ішіп алып рөлге отырған жүк көлігінің жүргізушісі жол апатын жасады
Келесі пост
Қолымен жілік сындырған күйеу жігіттің досы жұртты өзіне қаратты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu