Қолымен жілік сындырған күйеу жігіттің досы жұртты өзіне қаратты

Теги: ,
335

Үйлену тойында күйеу жігіттің досы қолымен жілік сындырып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Жілік сындыру рәсімі той алдында өткенін байқауға болады. Оның видеосын ТікТок қолданушысы жариялады.

Бейнежазбадан костюм-шалбар киген жігіттің жерге қойылған жілікті қолымен бір ұрып, екіге қақ айырғанын көруге болады.

Тойға жиналғандар күйеу жігіттің бұл әрекетіне риза болғанымен, желі қолданушыларының көбі жілік сындыру аса қиын емес екенін алға тартты. Пікір қалдырғандардың кейбірін бұл жігіт Президет сайлауына кандидат боп отырған Жигули Дайрабаевтың туысы емес пе екен деген сұрақ мазалады.

«Жарайсың, інім», «Жигулидің ұрпағы», «Базар жоқ», «Мынаны көріп Жигули есіме түсіп кетті», «Жигулидің баласы», «Жигули артта қалды ғой», «Біз жақта осындай рәсім бар», «Темірге көтеріп ұрған соң сынады. Біз жақта қойдың сүйегін үстелдің үстіне қойып сындырады» деп жазды желі қолданушылары.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде Президент сайлауына кандидат Жигули Дайрабаевтың дастархан басында отырып, қолымен сүйек сындырған видеосы тараған болатын.

Алдыңғы пост
​Алматыда еркек пен әйел қарттарды тонаумен айналысқан
Келесі пост
​Кафенің бас аспазы сейфтегі 3,6 млн теңгені үптеп кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu