Алматыда пәтерден екі баласымен өлі табылған әйел ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Теги:
442

Алматыда «Мамыр» шағынауданындағы пәтер ішінен табылған әйел мен екі баланың денесінде зорлық белгілер бар. Бұл туралы қалалық прокуратурадағылар мәлімдеді. Қылмыстық істі құзырлы орган өз бақылауына алған.

“Полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша сот алды тергеуді бастады. Оның аясында тергеу және жедел-іздестіру шараларының толық кешені жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, бейнематериалдар зерделенеді. Куәгерлерден жауап алынады. Қылмыстық істі тергеуді қалалық прокуратура ерекше бақылауға алды”, – деді ведомство өкілдері.

Еске салсақ, 6 тамыз күні Алматыдағы «Спутник» тұрғын үй кешеніндегі пәтерден 34 жастағы әйел мен оның 2015 және 2020 жылы дүниеге келген балаларының мәйіті табылған болатын.

Алдыңғы пост
Шымкенттік әйел су жаңа көлік әперемін деп танысын алдап соқты
Келесі пост
Әлемнің үш дүркін чемпионы 30 жастағы жігіттің тұсауын кесті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu