Алматыда 24 жастағы жігіт бір жарым сағаттың ішінде екі ұрлық жасаған. Әккі ұры көп ұзамай ұсталды.
«Жас жігіттен үш ұялы телефон табылды және тәркіленді. Олар қылмыстық іске заттай айғақ ретінде тіркелді. Қаскөйдің базарлардың бірінде жүргендігі және бір жарым сағаттың ішінде екі рет ұрлық жасағандығы анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Полицейлер қазіргі таңда ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді.
Қазіргі уақытта тергеу күдіктінің 7 ұрлыққа қатысы барын анықтады.