Шетел азаматтарын жеткізіп, жол ақысына 800 АҚШ долларын алған такси жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға 21 мамыр күні болған. Алматы халықаралық әуежайы маңында жеке такси қызметін ұсынатын жас жігіт өз көлігіне Үнді елінен келген туристерді отырғызып, қонақ үйге дейін 1000 теңгеге апарып тастаймын деген. Межелі жерге жеткенде ол туристерден 1 180 АҚШ долларын сұраған. Ал бермеген жағдайда сөмкелерді қайтармаймын деп қоқан-лоқы көрсеткен. Сөйтіп шетелдіктер жүргізушіге 800 АҚШ долларын беруге мәжбүр болған.
Үнді азаматтары полицияға шағым түсірген. Полицейлер 27 жастағы жігітті ұстады. Бұл факт ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Күдікті өз кінәсін толық мойындап, шетел азаматтарына келтірілген шығынды өтеп берді.