​Түркістандық әйел бірнеше тұрғынды сазға отырғызып кетті

213

Түркістан қаласында жергілікті тұрғын жерлестерін сазға отырғызып кетті. Қалалық полицияға жәбірленушілердің бірі арызданған. Келіншектің айтуынша, оны жақын емес танысы алдап кеткен. Яғни, алаяқ кәсіпкерлік үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз 5 миллион теңге алып беремін деп сендірген. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 200 мың теңге алған. Алайда арада жарты жыл уақыт өтсе де, сенген адамы не жәрдемақы алып бермеген, не алған ақшасын қайтармаған. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

«Күдікті орта жастағы әйел тұрғылықты мекенжайынан анықталды. Ол жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, ол оңай жолмен ақша табу мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз несие әперемін деп бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Күдіктінің жалпы 7 алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеге жуық. Ол қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
​Студенттік омбудсмен Шымкент жоғары оқу орындарында болды-эксклюзив
Келесі пост
8 жыл халықаралық іздеуде жүрген зейнеткер әйел Ресейде ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu