393
Украина елі ұйымдастырған EJOI-2022 еуропалық жасөспірімдер онлайн Олимпиадасына әлемнің 32 елінен 172 оқушы бақ сынады. Қазақстан құрамасының намысын 8 оқушы қорғады. Олардың барлығы зияткерлік жарыстардың жүлдегерлері және барлық қатысушы жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда, бесеуі күміс, үшеуі қола медаль алды. Екінші орынға ие болған Абзал Бекежан Қарағандыдағы №1 Білім-инновация лицей-интернатының 10-сынып оқушысы. Ол бұл пән бойынша жарыстарға қатысуды қатарластарына қарағанда кеш бастаған. Яғни, оқушы 8-сыныптың ортасында ғана информатика пәнінің жарыстарында бақ сынады. Жасөспірімдер Олимпиадасына алғаш рет қатысып отыр.
Еуропада өткен онлайн Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Олардың әрқайсысында үш тапсырмадан берілген.