«Арзан бағада қант сатамын». Тараздық ер кісі 4 млн теңгесінен айырылды 

372
Жамбыл облысы Тараз қаласында жергілікті тұрғын қомақты қаржысынан айырылды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам оған қант зауытынан төмен бағамен 20 тонна қант сатып алып беруге уәде беріп, алайда ақшасын алған соң алдап кеткен. Яғни, ер кісі жүк көлігімен қант алуға келгенде күдікті одан ақшаны алып, оны зауыт қақпасына жіберген. Ал өзі белгісіз бағытқа жасырынып, байланысқа шығуын тоқтатқан. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 4 миллион 200 мың теңгені құрады.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын бірнеше рет сотты болған Алматы қаласының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды» делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.
Алдыңғы пост
Ұлын жұмысқа тұрғызбақ болған сарыағаштық әйел алаяқтың құрбаны болды
Келесі пост
Астаналық тұрғын супермаркеттен 6 қорап жөргекті ұрлаған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu