436
Алматылық әйел бірнеше тұрғынды сан соқтырып кетті. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігіндегі қылмысты жасады деген күдікпен 33 жастағы тұрғын ұсталған.
«Күдіктіге қатысты тергеу соты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол азық-түлікті нарықтағы бағадан төмен бағада жеткізіп беремін деген сылтаумен ірі көлемде ақша алғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі 35 млн теңгеден асады. Ұсталған азаматшаның қала аумағында жасалған осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде» делінген департамент мәліметінде.