529
Астанада анасы мен баласы 12-ші қабаттан құлап, екеуі де мерт болды. Оқиға бүгін, 9 маусымда сағат 14.19-да болған.
Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, 102 арнасына Сығанақ көшесі бойындағы көпқабатты үйдің 12-ші қабатынан баласы мен анасы құлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Полицейлер оқиға орнына дереу жетті. Алған жарақатынан әйел адамы сол жерде көз жұмды. Ал оның баласы ауруханада қайтыс болды.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайды анықтау жұмыстары жүргізілуде.