Астанада киім дүкенінің сатушысы ақшасын ұрлатып алды

410

Елордада киім дүкеніне келіп, сауда жасамақ болған тұрғын сатушының барсеткасын ұрлап кеткен. Оның ішінде 170 мың теңге қаржы болған. Жәбірленуші дереу полицияға арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің сағат 19:30 шамасында Сейфуллин көшесінің бойындағы сауда үйлерінің біріндегі киім сататын бутикке келгені анықталған. Содан жас жігіт сатушының назары басқа клиенттерге ауған сәтті пайдаланған. Орындықта тұрған 170 мың теңге ақшасы бар барсетканы ұрлап алып, бутиктен шығып кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген. Оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.

Алдыңғы пост
Отандық шоумен Шымкент халқының ерекшелігі туралы айтып ағынан жарылды
Келесі пост
Далекое прошлое и настоящее подружились на «Eurasian Fashion Awards»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu