Астанада сөмкесінде 5 мың доллары бар жас жігітті бір топ адам ұрып-соққан

422

Оқиға 26 желтоқсанда Астанадағы Сарыарқа ауданында болған. 23 жастағы жігіттің айтуынша,  белгісіз адамдар оны ұрып-соғып, дене жарақатын салған. Сөмкесінің ішінен 5000 доллар ақшасын ұрлап әкетпек болған. Дегенмен қарақшылардың бұл әрекеті  жүзеге аспаған соң олар оқиға орнынан қашып кеткен.

Жәбірленушінің арызы Қылмыстық кодекстің  24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу не қылмысқа оқталу) және 191-бабы 2-бөлігімен (Тонау) тіркеліп, полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

Күдіктілерді іздестіру бойынша бағыттама барлық өңірдегі полиция қызметтеріне жолданған. Арада бір күн өткен соң қарақшылар ұсталды. Олар  “Daewoo Lacetti” маркалы көлігімен Қарағандыдан Түркістан облысы қарай келе жатқан.   

«Полиция қызметкерлері автокөлікті сағат 12:00 шамасында “Алматы – Екатеринбург” автожолының 424 шақырымында тоқтатып, күдіктілерді ұстады. Сондай-ақ, көлік құралын тексеру кезінде тіркелмеген қару табылды. Қазіргі уақытта Мойынқұм аудандық ПБ тергеу бөлімінің қызметкерлері жиналған материалды Астана қаласының Сарыарқа аудандық полиция бөліміне тапсырды» деп атап өтті Жамбыл облысының Полиция департаменті.

Алдыңғы пост
Оралдық бойжеткен дүкеннен ерлердің аяқ киімін киіп кеткен
Келесі пост
Ақтауда 5 жасар қызды зорлап келген бапкер сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu