Астанада қырғызстандық такси жүргізушісі мас жолаушыны ұрып-соғып, тонап кеткен

Теги: , ,
419

Елордада мас жолаушыны ұрып-соғып, тонап кеткен қырғызстандық такси жүргізушісі анықталды.

33 жастағы ер адам Алматы ауданының полиция бөліміне арызбен жүгініп, оны такси жүргізушісі тонап кеткендігін хабарлаған. Тергеу барысында жолаушы масаң күйде қалада жүру үшін жеке тасымалдаушыны жалдағаны анықталды.

Polisia.kz  жазуынша, жолда келе жатып, такси салонында ол жүргізушімен жанжалдасып, оны қорлай бастаған. Шарбақты көшесінің бойындағы жол жиегіне тоқтаған такси жүргізушісі агрессивті жолаушыны көліктен сүйреп шығарып, оны ұрып-соққан. Содан 100 мың теңгеден астам ақшасын тартып алған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қырғызстанның 37 жастағы азаматы ұсталды. Оның құжаттарын тексеру кезінде шетелдіктің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екендігі анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қырғызстан азаматы мойындау көрсетпелерін беріп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Алдыңғы пост
Тәртіп сақшысы қызметтік көлікпен жаяу жүргіншіні қағып кеткен
Келесі пост
Астанада анасы мен баласы 12-ші қабаттан құлап көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu