347
Астана қаласының 35 жастағы тұрғыны супермаркетте келіп, 6 қорап жөргекті (памперс) қолды етті. Келтірілген шығын 56 мың теңгеден астам соманы құрады. Оның бұл қылмысы сауда орнындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға Кенесары көшесінде кешкі уақытта болған. Полицейлер күдіктіні көп ұзамай ұстады.
Тергеу барысында белгілі болғаны, ер кісі сатушының сауда залында болмаған сәтін пайдаланып, сөреде тұрған тауарды жамқырған. Содан дүкеннен шығып кеткен. Қолды еткен жөргектерді көшеде кездейсоқ кездескен адамдарға сатып жіберген.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.