Ата-анасынан қорыққан жас жігіт алаяқтың құрбаны болдым деп полицияны алдаған

316

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында ата-анасынан қорыққан жас жігіт өзін құрбан ретінде көрсетіп, тәртіп сақшыларын алдаған.

Полицейлердің дерегінше, Мақтаарал полициясына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші  жас жігіттің айтуынша, оның атынан белгісіз біреулер несие алған. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Арызданушының шағымына сәйкес, жедел уәкілдер қажетті іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде полицейлер күдікті адам жәбірленушінің өзі екенін анықтады. Белгілі болғандай, жәбірленуші өзінің атынан микроқаржылық ұйымнан несие алып, қарызын қайтара алмай қалған. Содан біраз уақыт өткен соң банк қызметкерлері ата-анасына хабарласып, баласының  несиесін төлемей жүргенін  жеткізген. Осы сәтте жас жігіт отбасы мүшелерінен жасыру үшін бұл несиеге өзінің еш қатысы жоқ екенін айтқан. Полицияға алаяқтардың құрбаны болғанын айтып жалған ақпарат берген. Жерілікті тұрғын өз қателігін мойындап отыр.

Алдыңғы пост
Алматыда мектепке кеткен 9 жасар қыз үйіне қайтып оралмаған
Келесі пост
Қызылордада канал суына қатып өлген ер кісінің мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu