468
Атырау облысында Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш суға батып кетті. Оқиға 31 шілде күні орын алған. Бұл туралы жергілікті Ақжайық басылымы ақпарат таратты.
Аудан басшысының суға батып кеткенін әкімдік қызметкерлері растаған. Шенеуніктің қасында адам болғаны немесе болмағаны туралы ақпарат жоқ. Белгілісі, ол суға түсуге арналмаған орында шомылған. Аудан әкімінің денесі әлі табылған жоқ.